Мәскеудегі Троекуров зиратынан Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы әрі Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевтың жерленген орны анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мән-жайы
Зираттан түсірілген видеоны танымал тұлғалардың жерленген орындары туралы контент жариялайтын блогер Наиль Валиев Instagram парақшасында бөлісті.
Видео авторының айтуынша, оның назарын бесік пішінінде жасалған ерекше ескерткіш аударған. Ол Троекуров зиратының мұсылмандар жерленген бөлігінде көптеген белгілі адамның қабірі орналасқанын да атап өтті.
Айдар Ақаев 1998 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға үйленген. Олардың некесі шамамен үш жылға созылып, 2001 жылы ажырасумен аяқталды.
Кейін Айдар Ақаев Қырғызстанның тележүргізушісі Сайкал Чокубаеваға үйленген.
Айдар Ақаев 2020 жылғы 5 ақпанда Мәскеуде қайтыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, оның өліміне жүрек талмасы себеп болған.