Рок музыканы насихаттайтын «Нашествие» фестивалін ұйымдастырушылар афишаларында жылына бір рет болатын шараға «Машина времени» тобы қатысатынын жазған еді. Бұл жолы топ жетекшісі А. Макаревич ұйымдастырушыларға түрлі сайттарда орналастырылған хабарландырудан «Машина времени» тобын алып тастауды өтінген. «Біз алғашында-ақ шараға қатыспайтынымызды ашық айтқанбыз. Ұйымдастырушылар жалған ақпарат таратып, абырой таппасы анық. Әнсүйер қауымды алдаудың қажеті не?», – деп А. Макаревич әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырыпты.
2014 жылы Тверск облысында өткен «Нашествие» фестиваліне біраз адам Путинді бейнелейтін футболкалар киіп, шынжыр табан танктермен келіп, Ресейдің Қырым мен Шығыс Украинадағы әрекетіне қолдау білдіргені есімізде. Биыл да осы көріністер қайталануы ықтимал. Сондықтан «Машина времени» тобы фестивальге қатысудан бас тартқаны белгілі.