Мас қызды Camry-70 көлігімен қыдыртқан шенеунік абақтыға қамалды

Dalanews 01 қыр. 2021 10:27 710

Ақмола облысы бойынша Ревизиялық комиссиясының төрағасы қамауға алынды. Мас шенеунік қымбат автокөлігіне масаң қызды салып алып, түн ішінде Көкшетауда жүрген, деп хабарлайды Dalanews.kz Көкшетау Азия ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының әкімшілік соты онлайн-режимде Ақмола облысы бойынша Ревизиялық комиссиясының төрағасы, 45 жастағы Руслан Шәріпке қатысты істі қарады. Еске сала кетсек, облыс орталығының полицейлері 27 тамызда қаланы патрульдеу кезінде шамамен түнгі сағат 5-те "Toyota Camry-70" көлігін тоқтатқан.

– Көлік рөлінде отырған жүргізуші, азамат Руслан Шәріппен сөйлескен кезде алкогольдің иісі қатты шықты. Оның қасында бір қыз болған, ол да мас күйде, – деді сотта полиция қызметкері Мейрамбек Шайжанов.

Полицейлер Шәріпке наркологиялық орталыққа баруды ұсынды, мас жүргізуші әбден мінез танытқан. Медициналық куәландыру көрсеткендей, Шәріп мас күйде болған. Тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізгені үшін хаттама толтырып, материалдарды сотқа жіберген.

Сотта сөз алған Шәріп "Toyota Camry-70" көлігімен жүргенін жоққа шығармады. Прокурор Ербол Таңатов жиналған дәлелдерді жеткілікті деп есептеп, соттан айыптау үкімін шығаруды сұрады.

– Руслан Шәріп ҚР Әкімшілік кодексінің 608 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза тағайындалсын, – деген үкім оқыды судья Серік Төлеев.

https://youtu.be/UabHn2pueV0

https://dalanews.kz/news/67310-talay-azamatymyzdan-ayyryldyq-toqa

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар