Астана – Шымкент бағытындағы ұшаққа мінген 36 жастағы мас жолаушы рейстен түсірілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, әуе компаниясы өкілдерінің актісі негізінде көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері әйелді рейстен шығарған.
«Тексеру барысында әйел алкогольдік масаң күйде болып, былапыт сөздер айтып, өзін агрессивті ұстаған және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған», – делінген хабарламада.
Тәртіп бұзушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша хаттама толтырылды. Ол қоғамдық орында мас күйде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Іс материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.