Мәжіліс депутаты Асқар Садықов мандатынан айырылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" демпартиясының ұсынымын бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды.
Бұл шешімге Асқар Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болған.
Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң, Асқар Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды.