Марқакөл орманында қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзақ қоңыр аюды тіркеді.
Қоңыр аю — өңірдегі ең ірі жыртқыштардың бірі. Ол орманды алқаптарды мекендеп, қорек іздеп үлкен аумақты аралай алады. Рационы да әртүрлі: өсімдіктер, жидектер мен тамырлардан бастап жәндіктер мен жануар тектес қорекке дейін пайдаланады.
Аю адамды әдетте айналып өтуге тырысады. Сондықтан оның табиғи ортадағы тіршілігін көбіне осындай фототұзақ кадрлары арқылы көруге болады.