Конкурсқа №15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебінің бос тұрған директорлық қызметіне Касымбекова Капира Бакировна, Алламұратова Қырмызай Пердебайқызы, Жаманкараев Абдиразак Нурлыбекович, Ешанкулова Тамара Торегелдиевна және Сарманова Шолпан Талгатовна құжат тапсырған.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығымен бекітілген қағидаларына сәйкес өткізіліп, конкурстың нәтижесінде №15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебінің директорлық қызметіне Сарманова Шолпан Талгатовна конкурстық комиссия ұсынысының негізінде білім бөлімінің басшысының бұйрығымен тағайындалған.
Ал, К.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебінің бос тұрған директорлық қызметіне жарияланған конкурсқа Сарманова Шолпан Талгатовна, Балгабеков Заман Раимкулович, Айнамкулов Талгат Сапарұлы және Кокишова Алма Шайдилдаевалар құжаттарын тапырып, өткізілген конкурстың нәтижесінде Балгабеков Заман Раимкуловичті конкурстық комиссия ұсынған. Осы ұсыныстың негізінде білім бөлімінің бұйрығымен тағайындалған.
Аталған мектептерге тағайындалған директорларды орналастыру барысында бірқатар қарсылықтар орын алды.
Орын алған жағдайлар бойынша тиісті құқық қорғау органы тарапынан және аудан әкімі аппараты, аудандық мәслихатының депутаттары мен жергілікті әкімшілік аумақтың өкілдері құрамында жұмысшы топ құрылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қазіргі таңда К.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебіне тағайындалған директоры Заман Раимкулович Балгабеков және №15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебіне тағайындалған директоры Сарманова Шолпен Талгатовна жұмыс орындарына орналастырылып, өз жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде.
Бүгінгі таңға жағдай тұрақты, аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынған.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі