Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек айқын межемізді бағындырып, экономикамызды өркендету жолында, Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылдың 10 айында жүзеге асырылуы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз мәслихатын өңірлік коммуникациялар қызметінің маманы, модератор Байсов Қанат Сүлейменұлы жүргізіп отырды.
Қала басшысы ағымдағы жылы жүзеге асырылған ауқымды жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы кезеңде іске асырылатын маңызды жобаларды баяндап өтті. Өз кезегінде қала әкімі шаһарда атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, жиналған журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Баяндамашыға республикалық, облыстық және жергілікті газеттер мен телеарна өкілдері тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.
Қадырбек Мұрат Болатұлы баспасөз мәслихатына қатысушыларды алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтап, отбасыларына амандық пен сәттілік тіледі.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі