Маңғыстауда ер адам кәуапқа қақалып, әріптестерінің алдында көз жұмған

Маңғыстауда ер адам кәуапқа қақалып, әріптестерінің алдында көз жұмған
GROK

Маңғыстау облысында табиғат аясындағы демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, Ақтаудағы мектептердің бірінің қызметкерлері Жармыш ауылы маңындағы Аралбай сарқырамасына демалуға барған.

Сол жерде 56 жастағы ер адам кәуап жеп отырып қақалып қалған. Куәгерлер оған көмектесуге тырысқанымен, ер адам әріптестерінің алдында көз жұмған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция табиғат аясында демалған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.