Маңғыстауда 31 жастағы ер адам бес күннен бері табылмай жатыр

Маңғыстауда 31 жастағы ер адам бес күннен бері табылмай жатыр
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысында 31 жастағы Жандарбек Сейілхановқа іздеу жарияланды. Ақтөбе облысының тумасы 15 тамыз күні кешке үйінен көлікпен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған, деп dalanews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, Жандарбек Бекбергенұлы Сейілханов 1995 жылы туған. Ол Бесшоқы ауылындағы үйінен шамамен сағат 17:00-18:00 аралығында мемлекеттік нөмірі 259 AJS 04 болатын Toyota Camry көлігімен шығып кеткен.

Жақындарының айтуынша, ер адам достарымен кездесіп, кейін үйіне қайтуды жоспарлаған. Алайда содан бері оның қайда екені белгісіз. Ұялы телефоны да өшірулі.

Жоғалған ер адамның бойы шамамен 170-175 сантиметр, дене бітімі орташа. Шашы қара әрі қысқа, көзі қара немесе қою қоңыр.

Үйден шыққан кезде үстінде ақ жолақты футболка, қоңыр шалбар және қара түсті спорттық аяқ киім болған.

Полиция мен туыстары Жандарбек Сейілхановтың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін немесе оның Toyota Camry көлігін көрген азаматтардан 102, +7 (7292) 46-50-02, +7 (702) 814-13-00, +7 (707) 590-67-00 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.