Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында қарулы төбелес болып, екі адам жарақат алды. Оқиға 9 шілде күні таңертең болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Облыстық полиция департаменті "Азаттық рухы" агенттігіне дәл сол күні ауруханаға оқ тиген екі жас жігіт түскенін мәлімдеген.
"Тәртіп сақшылары жанжалдың неден басталғанын алдын ала анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында төбелеске қатысушылардың барлығы белгілі болып, қолға түсті. Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеді полициядан.
Қазіргі уақытта полиция жанжалдың неден шыққанын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.