Маңғыстаудағы ірі жол апаты: тағы бір адам қайтыс болды

Сағыныш Сардарова 17 қаң. 2026 14:04

Маңғыстау облысындағы автобус апатынан зардап шеккен тағы бір жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz BAQ.KZ-ке сілтеп.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген тағы бір жолаушының өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған.

Осылайша, жол апаты салдарынан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті.

16 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысындағы Ақтау-Бейнеу тасжолында жол апаты тіркелді. Алдын ала мәліметке сәйкес Yutong маркалы автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан автобус жол жиегіне аударылған. Көлік салонында жолаушылар болған.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда автобус аударылып, төрт адам қаза тапқаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove