Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай

Dalanews 24 ақп. 2021 10:01 776

Маңғыстау облысына келетін болсақ, 2020 жылдың 27 наурыздан бастап, 2021 жылдың 24 ақпанына дейін 4207 коронавирус инфекциясы тіркеліп, ауру деңгейінің көрсеткіші 570,9 құрады. Соңғы репродуктивті көрсеткіш 1,1 болды. Төсек корының көрсеткіші – 22 пайызды құраған.  

Оның ішінде шағыммен –1483 (35,2%) жағдай, шағымсыз – 2724 (64,7%) жағдай  анықталды.

Аймақтар бойынша ауру деңгейі:

  • Ақтау қаласы 2412 жағдай – көрсеткіш 879,1 (58,2%)

  • Бейнеу ауданы 429 жағдай – көрсеткіш 626,4 (10,2%)

  • Мұнайлы ауданы 392 жағдай – көрсеткіш 276,4 (9,32%)

  • Жаңаөзен қаласы бойынша 320 жағдай – көрсеткіш 225,0 (7,6%)

  • Маңғыстау ауданы 275 жағдай – көрсеткіш 789,4 (6,5%)

  • Түпқараған ауданы 224 жағдай – көрсеткіш 661,5 (5,3 %)

  • Қарақия ауданы бойынша 155 жағдай – көрсеткіш 422,0 (3,7%)


 

Эпидемиологиялық талдау қортындысы бойынша инфекция жұқтырғандардың 50 пайыздан астамы тығыз қарым қатынаста болғандардың арасынан табылып отыр.

2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 24 ақпанға дейін оқушылар арасында 105 жағдай коронавирус инфекциясы тіркелді. Олардың ішінде оффлайн әдіспен – 30, онлайн әдіспен – 75 оқушы оқиды.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап оқушылар арасында коронавирустық инфекциясының 76 жағдайы тіркелді.

Олардың ішінде оффлайн әдіспен – 34, онлайн әдіспен – 42.

Аймақтар бойынша оқушылар арасындағы ауру деңгейі:

Ақтау қаласы – 44 жағдай;

Түпқарған ауданы –12 жағдай;

Мұнайлы ауданы –19 жағдай;

Бейнеу ауданы – 1 жағдай;

Бүгінгі күнге дейін 1 қаңтардан бастап 82413 оқушы оффлайн, 73340 оқушы онлайн әдіспен оқиды. Мектеп интернаты бойынша 2329. Облыс бойынша барлық мектепте оқитын оқушылар саны –155753 құрайды.

Тіркелген 105 жағдайдың ішінде Мұнайлы ауданы бойынша 3 мектептерде 2 және 5 жағдай тіркелуіне орай №2,7,15-ші (28.01-13.02.2021ж)  жалпы білім беру мектептері карантинге жабылды. Қазіргі таңда  14.02.2021 жылдан бастап жұмысын дәстүрлі форматта  жалғастыруда.

Сонымен қатар  №5,№ 9,№5 ,№12 мектепттерде  және №3 арнайы орта білім беру мектетерінде оффлайн дәстүрлі форматта білім алып жатқан 10 оқушыдан коронавирустық инфекциясы анықталуына орай     тек қана сыныптар карантинге жабылды.

Ақтау қаласы бойынша 15 мектептен 44 жағдай анықталды. Олар:  (№29, 1, 23, 13, 7, №7 Марабаев атындағы орта мектеп, 9, 5, 10, 20, 4, «Дарын мектебі», ІТ мектебі, 12, 11,) сыныптарда бір жағдайдан тіркелуіне орай тек қана аталған мектептердің сыныптары 14 күнге карантинге жабылып, карантин мерзімі аяқталуына байланысты, жұмысын дәстүрлі форматта жалғастыруда. Қазіргі таңда  №20 мектептің 1 сынып оқушысынан анықталуына орай 08.02.2021- 05.03.2021жж аралығында карантинге жабылды.

Түпқараған ауданы бойынша 4 мектептен (Ж. Мыңбаев атындағы, А.М.Горький атындағы, Ф. Шевченко атындағы, № 28 орта мектеп) 11 жағдай анықталды.

Бейнеу аудандары бойынша «М.Бегенов атындағы орта мектептен  1 жағдай 8 сынып оқушысынан анықталды.

Мектепке дейінгі балалар ұйымы бойынша 2021 жылдың қаңтар айына 10 жағдай тіркелді, оның 3 тәрбиеші, 1 тәрбиешінің көмекшісі, 1 дене шынықтыру сабағының мұғалімі, 6 тәрбиеленуші.

Ақтау қаласынан №22 «Алтын бесік» балабақшасынан-3 жағдай, №53 «Айшуақ» балабақшасы-2 жағдай тіркелуіне байланысты аталған екі балабақша оның ішінде «Алтын бесік» балабақшасы 23.01-13.02.2021 ж аралықта 14 күнге карантинге жабылды.

«Айшуақ» балабақшасы 22.01.-13.02.2021ж аралықта 14 күнге карантинге жабылды.

«Түймедақ»,«Қарлығаш» балабақшаларында бір жағдайдан тіркелуіне байланысты, анықталған топтар карантинге жабылып, қаулы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілді.

Қазіргі таңда аталған карантин мерзімі аяқталып, балабақшалар жұмысын жалғастыруда.

Мұнайлы ауданы бойынша №12 «Шағала» балабақшасының «Балапан» тобынан 1 жағдай анықталды. «Балапан» тобы карантинге жабылды.

Ақпан айында МДБҰ-да тіркелген коронавирус инфекциялық жағдайлары тіркелген жоқ.

Ұйымдастырылған ұжымдардағы коронавирус инфекциясының тіркелген ірі ошақтары:

- "Қаламқасмұнайгаз" АҚ-да барлығы – 42 жағдай;

- "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да 1 жағдай;

- "OSC" ЖШС-де 7 жағдай;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының    Маңғыстау облысы бойынша департаменті» – 14 жағдай;

- «Каспиан  Оффшор  Констракшн» ЖШС-35 жағдай;

- ЖШС «Мұнайтелеком» – 7 жағдай,

- «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» – 13 жағдай,

- «Каспий баскетбол клубында» – 6 жағдай,

- ТОО «West Oil Software» -2 жағдай тіркелді.

Облыс аумағында ПТР әдісімен коронавирусты анықтау үшін 7 зертхана жұмыс істейді. Оның ішінде 1 Ұлттық сараптама орталығы, 4 жеке зертхана (Олимп, Чакур, Инвиво, Эталон, Алатау клиник) және 1 зертхана Жаңаөзен қаласындағы Көпбейінді қалалық ауруханада орналасқан, бүгінгі күні 272163 адам тексерілді. Орта есеппен тәулігіне ПТР 1169 адамды тексереді. Бүгінгі таңда Ұлттық сараптама орталығында 14398 тест сынамасы бар.

Облыста 01 қаңтардан бастап 24 мониторинг топ құрылып,  01.01-23.02.2021ж. аралығында 283 рейд жүргізіліп, 3252 нысан қамтылды. Рейд барысында 14 нысанда карантин талаптарын бұзушылықтар анықталып, 12 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер-6, заңды тұлға-1, жеке тұлға -4. Жалпы салынған айыппұл 3 млн 135 мың 775тг.

Ағымдағы жылдың 6-шы қазаннан Өзбекстан елімен Тажен автомобиль өткізу пункті арқылы 19077 автокөлік және 1102 жолаушы кірді. Санитарлық карантиндік пункттен өткен 1059 адам тексеріліп, оның екеуінде оң нәтиже анықталды.

Вакцинация-халықты жұқпалы ауруларға қарсы қорғаудың сенімді тәсілі.

Облыс аймағына коронавирус инфекциясына қарсы екпе жүргізу үшін 350 доза "Спутник – V" вакцинасының I компоненті және 350 доза "Спутник – V" вакцинасының II компоненті бөлінді.

03.02.2021 жылдан бастап Ақтау қалалық № 2  емханасында вакцинациясымен егу жүргізілді.

Облысымызға бөлінген  1 компонентті вакцинаның 350 дозасы 23 ақпан күні аяқталды.

II компонентімен егу ағымдағы жылдың 24 ақпанынан бастап жүргізіледі.

Вакциналау екі кезеңде жүргізеді: алдымен I компонентпен 0,5 мл дозада, содан кейін 3 аптадан кейін (вакциналау күнін есептемегенде 21 күн) - II компонентпен.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар