Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Dalanews 10 мау. 2022 12:23 1047

Бүгін Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген облыс әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды. Ұлықбек Тналиев бұған дейін ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінде департамент директоры қызметін атқарған.

Ұлықбек Тналиев экономика және бизнес магистрі. Еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған.

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.


2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде департамент директоры болып жұмыс істеді.

Нұрлан Ноғаев бұған дейін осы қызметті атқарған Гүлмира Қалмұратоваға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, Ұлықбек Тналиевке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар