Маңғыстау әкімдігі бюджеттен 102 миллион теңге бөліп, қымбат көліктер сатып алмақ

Көркем Алдабергенова 27 ақп. 2025 11:14 452

Мемлекеттік сатып алулар сайтында Маңғыстау облысы әкімдігінің әкімшілігі жалпы құны шамамен 102 миллион теңгеге жеті кроссовер сатып алмақ деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz Lada.kz-ке сілтеп.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтында «Маңғыстау облысы әкімдігінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көлік құралдарын сатып алуға конкурс жариялағаны туралы хабарланды. Бір өтініште екі лот көрсетілген: біріншісінде 18 990 000 теңгеге бір автокөлік сатып алу қарастырылған, екіншісінде 83 340 000 теңгеге (бірлігіне 13 890 000) алты автокөлік сатып алу қарастырылған.

Жалпы, шенеуніктер бұл мақсаттарға бюджеттен 102 миллион 330 мың теңге бөлуге дайын. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанында басталып, 3 наурызда таңғы сағат 9-да аяқталады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар