Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ернар Ержанов "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Гүлмира Сәбденбекті таныстырды.
Оның кәсіби медициналық білімі, сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH) дәрежесімен денсаулық сақтау саласында басқарушылық тәжірибесі бар.
Гүлмира Сәбденбек әр жылдары басшылық қызметтер атқарды. Соның ішінде Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментіне жетекшілік етті, сонымен қоса, "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
ҚР Президенті әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау мәселелерімен айналысқан.
