Мәжіліске Сүлейменованың орнына кім депутат болып келгені белгілі болды

Көркем Алдабергенова 15 қаз. 2025 10:08

Мәжілісте оқу-ағарту министрлігін басқаруға кеткен Жұлдыз Сүлейменованың орнына кім келгені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа Мәжіліс депутаты болып Әбутәліп Мүтәлі сайланды. 

Әбутәліп Мүтәлі – "AMANAT" партиясы фракциясының өкілі. Бүгін ол жалпы отырыста Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.

Әбутәліп Мүтәлі – "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.

29 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова еліміздің Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Бұл тағайындауға дейін Жұлдыз Сүлейменова парламент мәжілісінің VII және VIII шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. Ол Amanat партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған еді.

1 қазанда Жұлдыз Сүлейменованың мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар