Белгілі журналист әрі медиаменеджер Мәди Манатбекұлы Stan.kz ақпарат агенттігінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Dala News.
Мәди Манатбекұлы журналистік жолын «Нартәуекел» газетінен бастап, кейін «Шымкент келбеті» газетінде және «Отырар» телеарнасында тележүргізуші, автор-редактор, продюсер болып еңбек етті.
Әр жылдары «Астана» телеарнасында жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды жүргізіп, «31 арнада» тілші болды. Сонымен қатар «Хабар» агенттігінде жаңалықтар жүргізушісі қызметін атқарды.
2010–2013 жылдары «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының орынбасары болған. Кейін «BAQORDA Media Group», «Қазақ радиолары», «Отандастар қоры» және «Астана радиосы» ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды.
2021 жылы Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болды. Ал 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының идеология жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.
