Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың әрекеті жұрттың ашуына тиді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Видеоны журналист Әділ Балтаебаев парақшасында бөлісті.
Видеода облыс әкімі журналист министрмен сұхбат жазып жатқанына қарамастан кадрға кіріп, денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназаровамен бетінен сүйіп, амандаса кетеді.
Артынша әкім журналистің жұмысына кедергі жасап, ұзақ уақыт бойы әңгімелесіп тұрады.
Нәлібаевтың әрекеті Желі қолданушыларының ашуына тиді.
"Мәдениет қайда?"
"Сұхбаттан кейін де құттықтаса болады ғой. Не этика, не мәдениет жоқ"
"Журналистің жұмысына құрметсіздік деп ойлаймын"
"Неге бәрі беттерін тигізіп амандасады. Сырттан қарағанда бір түрлі екен. Неэтично"
"Құрмет қайда", - деп жазды Желі қолданушылары.