Мәдениет пен әдебиеттің майталмандары марапатталды

Жарбол Кентұлы 23 қаз. 2024 08:22 163

Республика күні қарсаңында еліміздің мәдениеті мен әдебиетіне еңбек сіңірген біраз азматтар мемлектік наградалар мен марапаттарға ие болды.

Атақты күйші Сержан Шәкірат І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Күйші Секен Тұрысбековке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді

Белгілі күйшілер – Сержан Шәкірат пен Секен Тұрысбеков мемлекеттік марапат алды.

Белгілі актриса Лидия Кәденге «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызына «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді

Көрнекті ақын Темірхан Медетбекке «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді

Белгілі ақын, драматург Исраил Сапарбайға «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді

Көрнекті ақын Светқали Нұржан Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

Жазушы, сыншы Құлбек Ергөбек Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты иеленді


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар