Лукашенконың сұхбатынан кейін Қазақстан мен Беларусь өкілдері кездесті

Көркем Алдабергенова 22 там. 2024 15:25 2360

Беларусь президенті Александр Лукашенконың "Россия" телеарнасына берген сұхбатынан кейін Беларусь Республикасының Елшісі Павел Утюпин мен Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу кездесті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетейік, бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко «Россия» телеарнасына берген сұхбатында бірнеше посткеңестік республикалардың сыртқы саясатын сынап, Қазақстанды ерекше атаған болатын.

"Қазақстанда бір нәрсе болған кезде" Астана Қытайға, Үндістанға немесе Пәкістанға емес, Мәскеу мен Минскке бет бұрғанын еске алды", – деп атап өтті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл сөздерге жауап ретінде Беларусь Елшісі Утюпинді шақыртып,  Астана БҰҰ Жарғысына сәйкес теңгерімді және бейбіт сыртқы саясат жүргізіп жатқанын айтты.

Нұртілеу мен  Утюпин кездесу барысында Қазақстан-Беларусь екіжақты деңгейдегі, сондай-ақ көпжақты ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқылаған. 

Атап айтқанда, Министр Қазақстан БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларына сәйкес теңгерімді және бейбітшіл сыртқы саясат жүргізіп жатқанын ерекше атап өтті. Еліміз мемлекеттер арасындағы барлық келіспеушіліктер саяси және дипломатиялық жолдармен шешілуі тиіс екеніне нық сенімді.

"Қазіргі геосаяси жағдайда Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан еліміздің сыртқы саяси бағыты өзінің тиімділігін көрсетті. Осыған байланысты Министр Беларусь тарапын қазіргі процестерге қатысты Астананың ұстанымын объективті бағалауға шақырды", - делінген СІМ хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар