Freedom Inside '26

LRT маңынан тауып алған жалғыз патрон үшін сотталған астаналық азамат ақталып шықты

LRT маңынан тауып алған жалғыз патрон үшін сотталған астаналық азамат ақталып шықты
Фото: aikyn.kz

LRT маңынан тауып алған жалғыз патрон үшін сотталған астаналық азамат ақталып шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Астанада шығармашылық жобалармен айналысатын 22 жастағы жігіт LRT құрылысы маңынан патрон тауып алып, оны кейін түсірілімде реквизит ретінде қолдану үшін сөмкесіне салып қойған.

Алайда ол патронды ұмытып кетіп, бір жылдан кейін Алматыға ұшпақ болған кезде әуежайдағы тексеру барысында оқ-дәрі сөмкесінен табылған.

Осыдан кейін сот жас жігітті оқ-дәріні заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Алайда кассациялық сот істі қайта қарап, оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ деген қорытындыға келді. Нәтижесінде іс тоқтатылып, астаналық азамат ақталды.

Сот шешімінде оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегені, тек бір ғана патрон табылғаны және оны қылмыстық мақсатта пайдаланбақ болғаны дәлелденбегені ескерілген.