27 шілде күні таңертең Күнде M1.0 деңгейіндегі орташа қуатты жарқыл байқалды. Ол 16 минутқа созылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мамандардың мәліметінше, құбылыс Күннің 4494-нөмірлі белсенді аймағында болған.
Қолданбалы геофизика институты мұндай жарқылдар Жер маңындағы геомагниттік ахуалға ықпал етуі мүмкін екенін мәлімдеді. Өйткені мұндай кезде Күннен ғарыш кеңістігіне зарядталған бөлшектердің ағыны таралады.
Ғалымдар Күндегі жарқылдарды қуатына қарай A, B, C, M және X деген бес деңгейге бөледі. M деңгейіндегі жарқылдар орташа қуатты саналады, ал әрбір келесі деңгей алдыңғысынан шамамен 10 есе күшті болады.