KTK телеарнасында басшылық ауысты

Көркем Алдабергенова 06 сәу. 2026 13:21

6 сәуірде «КТК» телеарнасының жаңа бас директоры тағайындалғаны белгілі болды. Бұл қызметке Бек Кенжебай келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол бұған дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Бек Кенжебай медиа және аналитика саласында басқарушылық тәжірибесі бар. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, сондай-ақ «Қазақстан», «Астана», «Алматы», «31 арна» телеарналарында жұмыс істеген.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін «КТК» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған Эльмира Джамилова өз өтініші бойынша өкілеттігін аяқтайды. Ол енді «КТК» АҚ-да стратегиялық даму жөніндегі кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove