«Кселл» АҚ (Kcell және activ брендтері) 2025 жылдың IV тоқсаны мен жылдық жұмысының қорытындысын жариялады. Компания табысын 8,6%-ға арттырып, 262 млрд теңгеге жеткізді. Бұл өсім тарифтердің бағасын айтарлықтай өзгертусіз қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Операциялық тиімділік оң динамика көрсетті: EBITDA көрсеткіші 15,7%-ға артып, 106,6 млрд теңгені құрады, ал табыс деңгейі 40,7%-ға жетті. Таза пайда 38,9%-ға ұлғайып, 14,1 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар компания желіні дамытуға ірі көлемде инвестиция салуды жалғастыруда: капиталдық шығындар жыл қорытындысы бойынша 102,8 млрд теңгеге жетті.
Компанияның бизнес көрсеткіштерінің өсуі, оның ішінде, пайдаланушылардың тұтыну дағдысының өзгеруімен байланысты. Абоненттік база 8,8%-ға өсіп, 8,67 млн клиентке жетті. Мобильді интернет-трафик көлемі 66,6%-ға артып, 1439 ПБ-ды құрады. Бір абоненттің орташа дерек тұтынуы 43,8%-ға өсіп, айына 21,5 ГБ-ға жетті.
Тұтынудың артуына қарамастан, ARPU көрсеткіші қалыпты деңгейде сақталып, 1834 теңгені (+0,8%) құрады. Бұл көрсеткіш компанияның абоненттер үшін қызметтердің қолжетімділігін сақтау саясатын айғақтайды. Желіде 4G/5G-смартфондардың үлесі 82,9%-ға жетті.
Компания өсімінің негізгі драйверлерінің бірі – 5G технологиясы. 5G-ға бейімделген құрылғылардың үлесі 34,6%-ға жетіп, жылдық өсім 7,2 пайыздық тармақты құрады. Яғни желідегі әрбір үшінші құрылғы бесінші буын технологиясын қолдайды. 5G пайдаланушылары 4G абоненттеріне қарағанда 128%-ға көп трафик тұтынады және ARPU деңгейі 126%-ға жоғары.
Өсімге жаңа бизнес бағыттары да үлес қосуда. 5G FWA (бекітілген сымсыз байланыс) сегментінде табыс 235%-ға артты, белсенді пайдаланушылар саны 147%-ға көбейді, жалпы трафик тұтынуы да 147%-ға ұлғайды.
Құрылғылар бизнесінде келісімшарттық телефондардан түскен табыс 17%-ға өсті, белсенді келісімшарттық құрылғылар саны 40%-ға көбейді. Бұл бағыттағы жиынтық табыс 11%-ға артты.
B2B сегментінде өсім цифрлық шешімдер есебінен жүзеге асты: IoT сегментінің табысы 20%-ға, белсенді клиенттік база 16,8%-ға, Big Data шешімдерінің түсімі жылдық есеппен 22,5%-ға артты.
Компания желілік инфрақұрылымды дамытудыжалғастыруда. 2025 жылдың соңында 5G базалық станцияларының саны 1774-ге жетті, оның 812-і – желіні бірлесіп пайдалану жобасы аясында орнатылған. 5G қызметтері Қазақстан бойынша 2586 локацияда қолжетімді.
Ауылдық елді мекендерде де қамту айтарлықтай кеңеюде: жыл ішінде 965 базалық станция іске қосылып, 592 ауылда 4G қызметі қолжетімді болды. Желі қолжетімділігінің жалпы деңгейі 3G бойынша 93,89%, 4G бойынша 86,01%, 5G бойынша 53,54%-ды құрады.
Жоғары инвестициялық жүктемеге қарамастан, компанияның қаржылық тұрақтылығы сақталып отыр: таза қарыз / EBITDA көрсеткіші 1,58 деңгейінде болды.
«2025 жылдың қорытындысы негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсімін және операциялық тиімділіктің нығаюын көрсетеді. Біз үшін бұл өсімнің нарықтағы жалпы үрдістен айырмашылығы – тарифтерді арттыру есебінен емес, 5G инфрақұрылымын дамыту, цифрлық сервистерді жетілдіру, мобильді интернет тұтынуын ұлғайту және өнімдік желіні кеңейту нәтижесінде қамтамасыз етілуі маңызды.
2026 жылы компания инфрақұрылымды кеңейту, қамту аймағын арттыру және B2C пен B2B сегменттеріне арналған сұранысқа ие шешімдерді әзірлеуді жалғастырады. Біз желіге салынатын инвестицияларды ұзақ мерзімді өсімнің негізгі тұғыры деп санаймыз. Басты міндетіміз – еліміздің барлық өңірінде клиенттерді жоғары жылдамдықты әрі сапалы ұялы интернетпен қамтамасыз ету», - дейді «Кселл» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жамбакин.
Айта кетейік, Kcell - цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 5G желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 48,84% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.
