"Көзінен еш өкініш, жанашырлық көрмедік" - прокурор Аймағанова

Көркем Алдабергенова 02 мам. 2024 12:45 3962

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот жарыссөздері өтіп жатыр. Ең алдымен мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сөз сөйледі, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сотта Аймағанова Салтанат Нүкенова мен құрбыларының хатын еске алды. Онда Нүкенова Бишімбаев оның әр қадамын аңдып отырғаны, Салтанат үнемі қорқып жүретінін айтқан болатын.

Прокурор мұндай жағдайға бірінші рет тап болғанын айтты.

"Есі дұрыс, интеллекті дамыған, ал сырттай жақсы көрінетін адамда басты нәрсе – жүрек жоқ. Оның көзінен еш өкініш, жанашырлық, тәубеге келушілік көрмедік", – деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы Салтанат басынан 12-13 рет соққы алғанын атап өтті.

"Бишімбаев бізге Салтанаттың басын дәретханаға қалай ұрғанын, содан кейін еденге қайта-қайта құлағанын айтып берді. Бірақ сараптамалар керісінше болып отыр", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсеткен болатын. 

Тахир Халимназаровтың сөзінше, бұл жарақаттар Нүкенованың мәйітін сараптау нәтижесінде анықталды.Яғни, алғашқы сараптаманы жүргізген сарапшылар анықтаған. Бұл жарақаттар сарапшының қорытындысында сипатталған. Сарапшының сөзінше, мұның бәрі жалпылама бас жарақаты болып саналады. Оған бетіндегі жарақаттар да, бас сүйегіндегі жарақаттар да жатады.

Сот медицинасында бұл жарақаттардың бәрі сыртқы әсердің кесірінен болған зақымдану ретінде қарастырылады.  

Тахир Халимназаровтың сөзінше, өлімнің себебін айтқан кезде осы жарақаттардың бәрін қарастыру керек. Олардың әрқайсын бөлек қарастыруға болмайды. 

Сарапшы құлаудан алған жарақаттар болмағанын айтады. Ал Бишімбаев Нүкенова қабырғаға соғылып, артынша унитазға құлап түскенін айтқан болатын. Сонымен қатар, сот-медициналық сарапшы Салтанат Нүкенованың басындағы субдуральды гематоманың мөлшері 230 грамм болған. Бұл өлімге әкеледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар