Косметикалық мақта дөңгелектері еліміз бойынша Түркістанда ғана өндіріледі

Dalanews 12 қар. 2018 12:16 1016

Түркістан мақта зауытның директоры Марат Молдыманов еліміздегі кез келген кәсіпорынмен бәсекелесуге дайынын екенін алға тартты. Сонымен қатар кәсіпорын басшысы халықтың сапалы шикізаттан дайындалған өнімді тұтынғанын қалайтынын да айтты. Бүгінде Түркістан мақта зауытының өнімдерін еліміздегі барлық дәріханалардың сауда сөрелерінен кезіктіруге болады.

 

Тағы бір айта кететін мәселе, Қазақстанда қыз-келіншектердің беттерін сүртетін косметикалық мақта дөңгелектерін тек осы кәсіпорын шығарады. Қалғаны сырттан әкеленеді екен. Сырттан келген өнімдерді ортасын ашып қарасаңыз, дискінің тоқыма саласынан қалған қалдықтардан жасағанын байқайсыз. Кір, шаң-тозаңы көрініп тұратынын кәсіпорын басшысы үлкен қнжылыспен айтты.

Тіпті кейбір шетелдік өнімдерді дайындағанда мақта емес, синтетикалық заттар қолданады екен. Ал мақта қалдықтары мен синтетикалық жасанды заттар тері аурулары мен аллергияны қоздыратыны айтапаса да түсінікті.

– Біздер, негізінен, шаруалардан таза, бірінші сортты мақтаны сатып алуға тырысамыз. Иә, өндіріс болғаннан кейін біраз қалдық шығады. Бірақ оның көлемі көп емес. Біздер қалдықтарды матрас жасайтын кәсіпкерлерге сатамыз, – кәсіпорынның жұмысы жайында қысқаша баяндап берді.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар