Конституция – жасампаздық пен өркендеудің берік кепілі – Алтай Көлгінов

Dalanews 30 там. 2022 08:40 944

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

– Құрметті елорда тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – елдегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ететін жасампаздық пен өркендеудің берік кепілі. Конституция мемлекетіміздің іргесін құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде бекітті.

Негізгі заң қабылданған күннен бастап елімізде халықтың әл-ауқатын жақсартатын маңызды реформалар өткізілді. 5 маусым күні еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум өтті.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституцияға енгізілетін түзетулер азаматтардың мүддесін, құқығын және бостандығын қамтамасыз ететінін, «әлеуметтік әділеттілік – басты құндылық және жаңа қоғамдық келісімнің тірегі» екенін атап өтті.

Конституция күні құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деп құттықтады Алтай Көлгінов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар