Халықты көмірмен қамтамасыз ету және баға ерекше бақылауда болуға тиіс. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Көмірді өндіру мен тасымалдаудан бастап оны халыққа сатуға дейінгі бүкіл жеткізу тізбегіне қатаң бақылау орнату қажет. Өңірлерде көмір тапшылығы мен баға негізсіз өсуіне жол берілмесін. Бұл үдеріске қатысушылардың барлығы өз жұмысын көмірмен қамтамасыз етуге арналған қолданыстағы цифрлық платформа аясында ұйымдастыруға тиіс", - деді премьер-министр.
Энергетика министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін өңірлерге әлеуметтік мазут жеткізу кестесін бекіту тапсырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан темір жолы компаниясымен бірге бекітілген кестеге және көлемге сәйкес энергия нысандарына көмір мен мазутты уақтылы жеткізу бойынша шаралар қабылдау жүктелді.