Соңғы екі айда қазақстандықтар Ресейден 22 мың темір тұлпар сатып алыпты. Бір Астананың өзіне осы аралықта әкелінген көліктердің саны 3 мыңнан асып жығылған. Ел тұрғындары әсіресе: Lada, Toyota, Hyundai, KIA, Renault, Chevrolet сияқты көліктерге қызығушылық танытқан екен. Ал сатып алынған көліктердің дені 2008-2014 аралығында құрастырылған. Ал осы көліктердің қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеу барысында Қазақстанның қазынасына түскен қаржы 4 миллиард 88 миллион 973 мың теңгені құрады.