Көлік жүргізушілері үшін өте маңызды ақпарат тарап жатыр: ІІМ пікір білдірді

Сағыныш Сардарова 02 жел. 2025 10:12

Әлеуметтік желіде көлік жүргізушілері үшін өте маңызды ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алайда, ІІМ мәліметінше, "сағат 00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 шақ/сағ болатыны" жөнінде хабарлама - фейк.

"Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл көліктер үшін рұқсат етілген стандарт жылдамдық - 60 шақ/сағат. Камералар жылдамдықты 70 шақ/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды. Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүрісі қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар!" - ІІМ өкілдері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар