Көкшетауда ХҚКО-ның бұрынғы қызметкерінің былығы әшкере болды

Көркем Алдабергенова 23 ақп. 2024 09:33 2434

Көкшетауда шетелден келген көліктер заңсыз тіркелген, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Яғни "Азаматтарға арналған үкіметтің" Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған. 

Бұл істі Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті тергеген.

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.

Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 миллион теңге. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар