Көкшетауда есірткі таратумен айналысқан студент ұсталды, деп хабарлайды Dalnews.kz.
Көкшетау қаласында синтетикалық есірткі заттарын заңсыз таратты деген күдікпен 18 жастағы студент ұсталды. Полиция мәліметінше, жас жігіт мобильді қосымша арқылы есірткіні алып, шамамен бір ай бойы қала аумағындағы түрлі жасырын жерлерге қалдырып жүрген.
Тексеру барысында күдіктіден мефедрон салынған 24 орам тәркіленді.
