Көк-Жайлауға электр желісін тартуға Алматы бюджетінен 210 млн теңге бөлінбек, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Bes.media мәліметінше, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.
Алматы қаласының Энергетика және су шаруашылығы басқармасы 2025 жылға арналған қала бюджетінің нақтыланған жобасына Көк-Жайлауға электрмен жабдықтауға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу шығындарын енгізуді ұсынды. Бұл туралы Алматының 2025 жылға арналған бюджет жобасында көрсетілген.
Жобалық-сметалық құжаттаманы құны – 210 млн теңге. Бұл мәселені бүгін мәслихат депутаттары қарайды.
Президенттің 2019 жылғы ресми тыйымына қарамастан, билік Көк-Жайлаудағы курорт пен инфрақұрылым идеясын қайта-қайта көтеруде.