"Кінәсі не?". Аймағамбетов трансвеститтер шоуына барған ұстаздарға ара түсті

Dalanews 17 қаң. 2024 04:50 1365

БАҚ пен әлеуметтік желіде трансвеститтер шоуына барғаннан кейін жұмыстан шыққан мұғалімдердің жағдайы туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл оқиғаға қатысты бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz  тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеп.

Телеарна мәліметінше, мұғалімдер Түркияда демалып жүрген кезінде шоуға барған. Кейін әлеуметтік желілерде видео тарап, бұл жайт оқушылардың ата-аналары мен педагогтердің әріптестерінің наразылығын тудырыпты.

Бұл орайда депутат мұғалімдердің өз құқығы бар қарапайым азаматтар екенін айтады.

Бұған дейін Қызылордадағы № 250 мектептің директоры осы дау-дамайға байланысты педагогикалық кеңес өткізуге тура келгенін, ал кейін мұғалімдер өз еркімен арыз жазғанын мәлімдеді. Облыстық білім басқармасы өкілдері де бұл жағдайға клубтағы кадрлар себеп болмағанын айтты. Олардың мәліметінше, екі мұғалім демалыстан уақытында оралмапты. Педагогтердің өздері бұл жайтқа қатысты түсініктеме бермеді.

Депутат Аймағамбетов бәрін мұқият анықтау керек екенін айтты.

"Педагогтар де біз сияқты азаматтар және ешкім өз құқығынан шектеле алмайды. Сондықтан бұл тұста мұғалімдерге қойылатын талаптарды нақты саралауымыз керек. Әрине, жоғары талаптар өз алдына. Бірақ біз олардың қарапайым азаматтар екенін түсінуіміз керек. Бұл жағдайда олардың кінәсі не екеніне білу керек", - деді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар