"Кім көрінгенге кіруге тыйым салынған": Елорданың кіреберісінде Астананы "қызғанған" депутаттың суреті ілінді

Сағыныш Сардарова 30 қаң. 2024 18:08 1716


Депутат Азамат Айтқожиннің суреті бар блокбекет Астананың оңтүстік кіреберісінде пайда болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz


"Жаңа адамдар" телеграм арнасының мәліметінше,мұндай блокбекетті орнатуға депутаттың "оңтүстік өңірлерден өткен өмірі белгісіз адамдар келеді" деген мәлімдемесі себеп болған.


ZhanaAdamdarNews telegram-арнасы



"Айтхожин "қалаға кіреберісте блоекбекеттер қоятын уақыт келді" деп санайды. Өйткені оның сөзінше, Астанаға "кім көрінген келді". "Тілге Сақтық" жобасы депутат Азамат Айтхожиннің қалаға кіреберісте блокбекетін орнатып, астаналықтарға популизм шын мәнінде қандай болатынын көрсетуге ұйғарды", - деп жазылған арна мәліметінде.



ZhanaAdamdarNews telegram-арнасы


Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге танымал тұлғаларды айтқан сөзіне сақ болуға шақырғаны, алайда қазақстандықтар мұндай мәлімдемелерге жауап бермейтіні айтылған.



Ал блокбекеттің өзінде "Популизм шынайы өмірде. А.Айтхожин атындағы блокбекет. Тоқта! Біздің сіздің өткен өміріңізді білмейміз. Кім көрінгенге кіруге тыйым салынған", - деп жазылыпты.



Айта кетейік, бұған дейін Астана мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин бас қаладағы қылмыс деңгейін төмендету және көші-қон ағынын бақылаудың "бірегей" тәсілін ұсынғаны қызу талқыға түсті. Оның пайымынша, ол үшін елордаға кіре беріске бақылау-өткізу бекеттерін орнату керек.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар