Кейбір қазақстандықтарға несие беруге тыйым салынуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 05 мам. 2025 16:45 297

Елімізде кейбір санаттағы адамдарға несие беру заңмен шектелмек. Бұл туралы Сенаттағы брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қауіпті қарыз алушыларға шектеу қойылады

Қизатовтың айтуынша, қаржылық тәуекелдердің алдын алу мақсатында базалық лицензиясы бар банктерге бірқатар операцияларды жүргізуге тыйым салу көзделіп отыр. Атап айтқанда:

Қазақстан резиденті болып табылмайтын азаматтарға (шетелдіктерге) несие беру;

Банктің басшылығымен немесе құрылтайшыларымен ерекше байланысы бар тұлғаларға қарыз беру шектелмек.

– Біз базалық лицензиясы бар банктер үшін тәуекелі жоғары кейбір операцияларға шектеу қоямыз. Соның ішінде банкпен ерекше байланысы бар тұлғаларға несие беру де бар. Заңнамада мұндай тұлғалардың кімдер екені нақты жазылған. Екінші деңгейлі банктер әр тоқсан сайын мұндай аффилиирленген тұлғалар туралы есеп тапсырады, – деді Олжас Қизатов.

Мұндай шектеулер банктердің ішкі тәуекелін азайтуға және қаржы тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар