Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 15 маусымдағы сот отырысында айыпталушыға сөз берілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сотта Сәрсемәлиев қылмыстан кейін қайда барғанын айтып берді. Оның сөзінше, ол 2025 жылдың қараша айында жалғыз өзі Меккеге барған.
Айыпталушы өз сөзінде бұл сапарға Құдайдан кешірім сұрау үшін шыққанын жеткізді.
"Өлсем де Құдайдан кешірім сұрап өлейінші дедім. Басым ауған жаққа кеттім. Түркия арқылы Меккеге бардым", – деді Сәрсемәлиев сотта.