Сол қауіптің алдын алу мақсатында жер асты суын азайтуды, суды біршама істерге пайдалану қолға алынды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кентау қаласында жер асты суларын төмендету жүйесін салу жобасы қолға алынды. Тартылған су «Қосқорған» су қоймасына құйылады. Түркістан өңіріне қосымша 70 млн м3 дейiнгi ағын су жеткізілетін болады. Бірегей жобаның барысын бақылау үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласында жоба жетекшілерімен кездесті.
Бұрынғы шахтаға түсетін ғимараттың ішіне бірнеше сусорғыш орнатып, Кеншілер саябағында орналасқан бетонды арыққа құю арқылы қала ішімен алып өтуді қарастырылуда. Жоба жүзеге асқан жағдайда, Алматыдағы "Весновка" өзені іспеттес, Кентау көшелерінен де мөлдір таза су ағып өтетін болады. Сонда Кентау өзінің жасыл желекті келбетін сақтайды, әрі тұрғындарға жайлы орта қалыптасады.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Кентау қаласы мен Түркістан Халықаралық әуежайының аралығына дейінгі айналма жолдың құрылысымен танысты. Маңызды жол келер жылы толығымен аяқталады. Ұзындығы 24 шақырымды құрайтын жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Көптен күткен құрылыс жұмысы аяқталған соң, көлік қатынасы реттеліп, тұрғындардың елді мекендерге қатынасы жақсарады.
Жолмен қатар құбыр орнату, көпірді қайта құру, инфрақұрылым бағытын ауыстыру секілді жұмыстар қатар жүріп жатыр.
Айта кетейік, Кентау қаласында Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын аттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Облыс басшысы маңызды жолдың жан - жағына көшеттер отырғызып, абаттандыруды міндеттеді.