Айталық, биылғы жылы келестік кәсіпкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде: 27071,1 тонна астық, 49785 тонна бақша өнімдері, 47228,8 тонна картоп, 648,6 тонна майлы дақылдар дәні, 10956,2 тонна жеміс, 16879,8 тонна жүзім, 180120,1 тонна көкөніс өнімдері өндірілген екен.
Алайда кәсіпкерлік сауатты арттыру қай кезде болмасын өзінің өзектілігін жоғалтпасы анық. Осы орайда
Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаевтың бастамасымен, аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастырумен Абай ауылында орналасқан «Гранд Париж» мейрамханасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша
«Бизнес бастама, дәулетті болғың келсе кәсіп қыл, кәсібің сенің — нәсібің» атты ауданның бизнес бастауға ниетті азаматтар қатысуымен іс-шара болып өтті.
Осынау іс-шарада «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жалпы жобалары түсіндірілді. Атап айтап болсақ бағдарлама аясындағы субсидиялау шарттары, кепілдендіру шарттары, Жаңа замануи технологияларды жабдықтау есебінен жұмыс орындарының санын көбейту және де өндірілетін өнімнің сапасын ұлғайту жобалары түсіндіріліп, жиынға қатысқан азаматтар тарапынан қойылған сұрақ-ұсыныстарға тиісті жауаптар берілді.
Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев Келес ауданында кәсіпкерлерге үшін барлық жағдай жасалатынын айтты.