Осындай өнімді жұмыстың арқасында биыл қамбаға мол дән құйылмақ.
Аталған шаруа қожалығы 423 гектар аумаққа бидай еккен. Шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар дер уақтылы істелген. Соның арқасында қазір қырманға мол астық тасылып жатыр. «Дәурбек» шаруа қожалығы 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазір 2 комбайн, 5 камаз, 1 трактор жұмыс істеуде.
Айта кетейік, биыл Келес ауданында 8 397 гектар аумаққа астық дақылдары егілсе, оның 1 830 гектары бидай, 5 138 гектары дәндік жүгері дақылдары себілген. Одан бөлек 407 гектар аумаққа бұршақты дақылдар егілді.