Келес ауданы ирригация жүйесін дамытуға баса мән беріп отыр

Dalanews 14 қар. 2018 05:10 1399

Ауыл шаруашылғына арқа сүйетін Келес ауданы арық атыздар мен каладардың жұмысын жетілдіруге баса мән беріп отыр. Суару жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін ауыл шаруашылығының тиімділігі артатыны айтпаса да түсінікті.



Биыл аудандық әкімдік ирригация жүйесін дамыту үшін ағымдағы жылдың басында облыстық бюджет есебінен 1640,0 млн. теңгеге ұзындығы 388 шақырым болатын 24 канал-қашыртқылар жөндеу жұмыстарын іске асыру үшін жобалық сметалық құжатын (ЖСҚ) әзірлеп, тиісті орындарға берген-ді. Осының арқасынжа биыл ауданда 1124 гектар егістік жер қайта айналымға түсіп, 5079 гектар жер қосымша сумен қамтылғанын айрықша атап өтуге болады.

Соынмен қатар аудан бюджет есебінен 300,0 млн теңгеге 203,1 шақырым болатын 72 канал-қашыртқылар жөндеу жұмыстарының ЖСҚ әзірленген. Жөндеу жұмыстары жүргізілген соң, 2760 гектар жерді сумен қамтамасыз ету ісі жақсаратын болады.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 71373,6 млн теңгеге ұзындығы 129,3 шақырым болатын 11 канал-қашыртқылар жөндеу жұмыстарының ЖСҚ әзірленуді қажет етеді. Осы ойға алған істер толық іске асқанда 1116 гектар жер қайта айналымға түсіп, 7989 гектар жерді сумен қамтамасыз ету ісі жақсара түсетін болады.

Аудандық бюджет есебінен 68,0 млн теңгеге 17,5 шақырым болатын 8 канал-қашыртқылар жөндеу жұмыстарының ЖСҚ әзірленбекші. Нәтижесінде, 464 га жер қайта айналымға түсіп, 970 гектар жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады.



Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар