Келер жылы үй қымбаттай ма? Скляр жауап берді

Сағыныш Сардарова 31 шіл. 2025 13:14

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енген кезде баспана бағасы қалай өзгеретіні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкіметтегі баспасөз конференциясында журналистер вице-премьерден жаңа Салық кодексінің тұрғын үй нарығына әсері туралы сұрады. 2026 жылдан бастап құрылыс компаниялары 16 пайыз мөлшерінде қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндеттеледі.

"Қоғамда бұл өзгеріс баспана бағасы кем дегенде 20 пайызға өсуіне әкеп соғады деген алаңдаушылық бар. Енді қарапайым қазақстандықтар не істемек?" – деп сұрады журналистер.

Ол жаңа Салық кодексі тұрғын үй сатып алу кезінде қарапайым азаматтарға әсер етпейтініне сендірді. Биыл 19 млн шаршы метрден астам құрылыс салынады.

"Бізде тұрғын үй құны нарықтық әдістермен реттеледі. Алайда, жеке құрылысшылардан тұрғын үй сатып алатын тапсырыс беруші ретінде мемлекеттің араласуы 10 жыл ішінде өзінің тиісті әсерін беріп келеді. Бізде тұрғын үй бағасы қатты қымбат емес. Мен "бизнес" немесе "элита" класс сегментін емес, эконом кластағы тұрғын үйді айтып отырмын. Оның бағасы өзіне лайық, Біз мұнда бағаның күрт өзгерістерге ұшырап жатқанын көріп отырған жоқпыз. Жаңа Салық кодексінің қабылдануына байлапысты ірі құрылыс компаниялары бизнесті бөлшектеп, үлкен пайда табатын тәжірибе жойылатын болады", - деді Роман Скляр.
 
Вице-премьер тұрғын үй құны жобалау-сметалық құжаттамаға және аз қамтылған азаматтар үшін берілетін мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағдарламасы немесе жұмыс істейтін жастарға арналған "Наурыз Жұмыскер" бағдарламасы шеңберінде реттелетінін айтты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар