Келер жыл ШҚО-да «Жол жылы» деп жарияланды

Келер жыл ШҚО-да «Жол жылы» деп жарияланды
Шығыс Қазақстанда 2024 жыл «Жол жылы» деп жарияланады. Жолдарды жөндеу мен жолдардың құрылысына бөлінетін бюджет 2 есе көбейтіледі, 600 шақырым жол мен көшелер ретке келтіріледі.

– Жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша 5 жылдық жоспар әзірленуде. Жоспарда облыстағы барлық жөнделуге тиіс жолдар мен елді мекендердің көшелері белгіленеді. Осылайша, өңіріміздің барлық тұрғындары жөндеу мерзімдері туралы хабардар болады, – деп атап өтті Ермек Көшербаев.