Катонқарағай ұлттық паркінде тағы бір қар барысы фототұзаққа түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Парктің өзге бір түкпіріне орнатылған фототұзақ тағы бір қар барысын тіркеді.
Бұл – жуырда үш аланымен бірге жарияланған аналық қар барысы емес. Жаңа тіркеу парк аумағында өзге де қар барыстарының тіршілік ететінін дәлелдейді.
Боран мен көріну деңгейінің төмендігіне қарамастан, қар барысы фототұзақ объективіне ілігіп үлгерді.
Жарияланымда фототұзақтан алынған түпнұсқа кадрлармен қатар, жасанды интеллект көмегімен сапасы жақсартылған нұсқалар да ұсынылды. Өңдеу тек суреттің анықтығын арттыру мақсатында жүргізілді.