Kaspi.kz Таяу Шығыс елдерінде жүрген клиенттерге қолдау көрсетеді

Dalanews 01 нау. 2026 21:57

Kaspi.kz Kaspi Travel арқылы тур немесе барып қайтуға ұшақ билетін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол жерде транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған клиенттерге материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz


Сол өңірде мәжбүрлі түрде болған кезеңде Kaspi Gold-қа күн сайын материалдық көмек аударылады:
* әр ересек адамға – тәулігіне 35 000 ₸
* әр балаға тәулігіне – 15 000 ₸.

Kaspi.kz тұрақты байланыста болып, өз клиенттеріне қолдау көрсету үшін барлық қажетті шараны қолданады.

Қауіпсіз жерлерде қалып, Республиканың елшіліктерімен және консулдықтарымен байланыста болуларыңызды сұраймыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove