ЖИ мұнай өндірісінде жылына 1 млрд теңге табыс әкелуі мүмкін

Самал Асқар 28 сәу. 2026 15:43

Қазақстанда мұнай өндіру саласында жасанды интеллектті қолдану жылына шамамен 1 млрд теңге экономикалық тиімділік береді, деп хабарлайды Dala News.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

«Жасанды интеллект мұнай өндіру саласында. Бірінші мысал – мұнай өндіруде жасанды интеллектті практикалық қолдану. Әңгіме ұңғымаларды онлайн бақылаудың интеллектуалды жүйесі туралы болып отыр. Пилоттық енгізу аясында жүйе қазірдің өзінде 4 мыңнан астам ұңғыманы бақылауда ұстап отыр. Жүйенің негізгі міндеті – өндірістік көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде талдау. Күтілетін нәтиже – ұңғымалардың тоқтап қалу уақытын 20%-ға дейін қысқарту және жылына 1 млрд теңгеге дейін экономикалық тиімділікке қол жеткізу», – деді ол.

Министрдің айтуынша, жасанды интеллект проблемалы учаскелерді анықтап, өндірісті тиімді басқаруға мүмкіндік береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove