Бүгінгі таңда 6304 өтінімнің 2157-і құжаттар пакетін толық ұсынбау себебінен пысықтауға жіберілді. Smart-Astana порталында тіркелу кезінде көрсеткен телефон нөміріне өтінім мәртебесі туралы смс-хабарлама жіберіледі:
1) «Жұмысқа қабылданды»;
2) «Түзету қажет»;
3) «Қараудан бас тартылды»;
Егер өтінім түзетуге жіберілсе, бірақ қатысушы осы уақыт ішінде тізбе бойынша жетіспейтін құжатты қоспаса, құжаттардың толық емес пакетін ұсыну себебі бойынша өтінім автоматты түрде қабылданбайды.
Құжаттарды баяндау қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберілгендер үшін ағымдағы жылғы 26 қарашасынан бастап сағат 10.00-ден 23.59-ге дейін қоса берілетін құжаттардың жетіспейтін тізбесімен танысу үшін Smart Astana порталындағы жеке кабинетке кіру және 27 қараша күні сағат 00.00-ден 23.59-ге дейін өтінімді түзету мүмкіндігі беріледі.
Егер өтінім жұмысқа қабылданғандығы туралы смс-хабарлама жіберілсе, бірақ қатысушы қосымша құжаттарды қосқысы келсе, ол жағдайда да өтінімді түзету мүмкіндігі беріледі.
Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «Қараудан бас тартылды» смс-хабарламасын алғандар порталдан бас тарту себебімен Жеке кабинетінде таныса алады, бірақ өтінімді түзете алмайды. Түзету үшін http://new.smart.astana.kz/ru/housing сілтеме бойынша Smart Astana порталындағы жеке кабинетіңізге кіру керек. Түзету кезінде өтінім берілген күн өзгермейді.