Жомарт жан жалғызбасты анаға баспана сыйлады

Dalanews 20 қыр. 2023 08:40 975

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Қ.Әбдалиев ауыл округі, Рабат елді мекенінің тұрғындары Нәлібаевтар отбасы демеушілік жасап, елді мекеннің жалғыз басты тұрмысы төмен анаға баспана сыйлады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қайырымды отбасының бірінші ізгілігі емес. Нәлібаевтар отбасы бұдан бұрын да бірнеше жағдайы төмен отбасылар мен осал топтағы ауыл адамдарына баспаналар сыйлап, көмек қолын созып  жүрген.

Баспана кілтін табыстау салтанатына аудан әкімі Азизхан Исмаилов  қатысып, демеушілік жасап отырған отбасыға алғыс айтып, ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ жаңа шаңырақ иесімен қуанышын бөлісті.

Нәлібаевтар отбасы бұл ісімен көпшілікке үлгі болып қана қоймай, халықтың алғысына бөленген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар