Жол таңбаларын саламыз деп жемқорлыққа барғандар сотталды

Сағыныш Сардарова 08 сәу. 2025 11:29 759

Ақтөбеде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Актөбенің №2 сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Тергеу барысында Ақтөбе қаласының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры жеке кәсіпкермен алдын ала сөз байласып, мемлекеттік сатып алу аясында жол таңбаларын салу бойынша 272 млн теңгеден аса сомаға жалған келісімшарт жасағаны анықталған.

Алайда бұл жұмыстар орындалмаған, ал ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Осылайша мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген.  

Бұл дерек бойынша ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2) тармағы бойынша соталды тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданған.

Сот тапсырыс берушіні мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ал мердігерге кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар